kk
kk

"Әділ-Ем" емханасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі медициналық ұйым болып табылады. 

"Әділ -Ем" ЖШС амбулаториялық жағдайда және үйде жасына қарамастан, жалпы практика дәрігерлерімен, акушер-гинекологпен, әлеуметтік қызметкермен және психологпен бекітілген халыққа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көмек көрсетеді.

Емхана жұмысының мақсаты: профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтерін қоса алғанда, халыққа қолжетімді, сапалы және қауіпсіз қызмет көрсетумен медициналық көмек көрсету.

Емхана құрылымында: учаскелік дәрігерлердің кабинеттері, зертхана, Функционалдық диагностика кабинеті (ЭКГ), физиотерапия кабинеті, DOTS терапия кабинеті, дені сау баланың кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет, әйелдер мен ерлерді тексеру кабинеттері, медициналық статистика кабинеті, емшара кабинеті, психолог және әлеуметтік қызметкерлер кабинеті, дәріхана, массаж кабинеті бар.

"Әділ -Ем" мамандарының жұмысы диагностика мен емдеу әдістерін жетілдіруге, медициналық қызмет сапасын әлемдік стандарттарға жақындатуға бағытталған. Медицина мамандарының кәсіби тәжірибесін арттыру мақсатында жыл сайын әдістемелік семинарлар, конференциялар өткізіледі. 

Емхана дәрігерлері "Жұқпалы емес созылмалы аурулардың алдын алу", "АЖЖ жедел нысандарында шұғыл көмек көрсету алгоритмдері", "ЭКГ", "Жүрек-өкпе реанимациясы", "Туберкулезді ерте анықтау", ДДҰ "Балалар жасындағы ауруларды интеграцияланған басқару", "Патронаждың әмбебап-прогрессивті моделі", "МСАК-тағы шұғыл кардиология", “Қалқанша безінің қатерлі ісігінің түйіндік түзілімдерін ерте диагностикалау және сараланған емдеу", "Колоректальды обырды диагностикалау және емдеу", "Стомирленген науқастарды стомирлеу және оңалту принциптері", "Акушерліктегі шұғыл жағдайлар"; "Ауруларды басқару бағдарламасы" бойынша оқудан өтті.

Барлық жалпы тәжірибелік дәрігерлер семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысады.

"Әділ -Ем" ЖШС персоналының медициналық жүктемені жоспарлау мен орындаудың сапасын, уақтылығын талдау оның қажетті деңгей мен сапаға сәйкес келетіндігін көрсетті. Жүктеменің нақты орындалуы, диагностика мен емдеу сапасы, клиникалық-диагностикалық зерттеулер, консультациялар, параклиникалық зерттеулер жүргізу сапасы үнемі бақыланады. Орындалатын жұмыс және дәрігерлік жүктемені бөлу мамандардың біліктілігіне сәйкес келеді.


0004619 № ВК001515DF мемлекеттік лицензиясы 01.09.2010 ж. "Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ медициналық қызметпен айналысуға берілді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысы "Әділ -Ем" ЖШС 22.04.1998 ж. "жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 2006 ж. 31.01 №124 "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы негізінде әзірленді.

"Әділ-Ем" ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде заңды тұлға болып табылады.


"Әділ - Ем" ЖШС емханасының бас дәрігері Шортомбаев Адлет Бекболатович сіздің өтініштеріңізге жұмыс күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жауап беруге дайын. Біз үшін әр пациенттің пікірі маңызды!

WhatsApp Нөмірі: 8-771-773-23-60

"ӘДІЛ-ЕМ" емханасы